Денсаулық
Қазақстанда 1 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 қарашадағы ақпарат мәлім болды.
Оған сәйкес 1 007 адам коронавирус инфекциясынан (–858+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 131 пациент стационарда, 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
— 6 адамның жағдайы ауыр
— 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
— бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.