ӘлемБастыҚоғамСаясатЭкономика

Қазақстан үш елге шамамен 310 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

ҚР Көлік министрлігі Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға 310 млрд тонна гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қаулы шығарды, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

Биыл еліміз Тәжікстан Республикасына 5000 тонна бидай ұнын, 61,86 тонна күнбағыс майы, 143,58 тонна ет консервісін, 240 тонна макарон, 507,70 тонна күріш, 92,50 тонна экспедициялық жабдықтар жөнелтті.

Сонымен қатар тамызда Көлік министрлігі Тәжікстанға 10 дана вахталық контейнер қолдау көмегін ұсынды.

Көлік министрлігі сондай-ақ Ауғанстан Республикасына — 35,42 тонна дәрілік зат, 21,24 тонна құрама жүк, Қырғыз Республикасына — 1000 тонна жаздық бидай тұқымын жеткізді.

Одан бөлек 23 желтоқсандағы № 1052 қаулы бойынша Тәжікстан мен Ауғанстанға 380,055 тонна гуманитарлық көмек ұсынылды.

Айта кетейік, бюджет бағдарламасында аталған үш елге көрсетілетін көмектің жалпы сомасы — 310 млн 341,9 мың теңге деп көрсетілген.

Оның ішінде 216 063 мың теңге — Ауғанстанға, 16 936 мың теңге — Қырғызстанға, 77 342,8 мың теңге — Тәжікстанға қарастырылған.

 

TuraNews

Back to top button