Басты
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
29 наурызда Қазақстан үкіметі оставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәйкес қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулы мәтінінде.