БастыЭкономика

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр

Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүріп жатыр.

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Шенеуніктің айтуынша, былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион доллар болған.

«Экспорттың негізгі тауарлары – дәнді және бұршақты дақылдар. Ал Түркиядан әкелінетін негізгі импорт – көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар», – деді Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

«Қазіргі уақытта біз ет пен ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ, Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүріп жатыр», – деп түсіндірді вице-министр.

 

TuraNews

Back to top button