Қоғам

Қазақстан-Түркия қатынастары және шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы

«Сан ғасырлық ата-баба дәстүрін лайықты жалғастырып, заман талабына ілесіп келе жатқан дос және бауырлас Қазақстанның жүрегіміздегі орны ерекше. Өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, Түркияның мойындаған Қазақстан Республикасының жүргізіп жатқан тұрақты саясатын мақтан етіп қолдаймыз.

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар әлдеқайда терең әрі берік байланыстарға негізделген. Екі ел, былайша айтқанда, бір үйдің баласындай.

Екі елдің тамыры бір және тарихтың өте көне дәуірлерінен бастау алады. Тарихта орын алған оқиғалар екі елдің әртүрлі тәжірибе жинақтауына себепкер болғанымен, мәдени байланыстары ешқашан бұзылмаған. Бүгінде арамыздағы бауырластықты нығайта түсетін тарих пен өркениеттің ортақ мұрасын жандандырып, осы мұрадан қуат алатын ұлы жобаларды жүзеге асыратын кез келді.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) ортақ мәдени кодтар аясында әлемдегі барлық қауымдастықтармен орнатқан қарым-қатынастарын Түркітектес елдерде де сақтап келеді. Осы аймақтағы дос және бауырлас халықтарына деген ерекше қатынасымыз Қазақстанға келгенде ең жоғары және ең маңызды деңгейге жетеді. YTB тарапынан түрік және қазақ халықтарының болашағына да әсер етуді көздеген, жастарға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағытта YTB қазақ жастарының да қатысқан, техникалық оқыту сабақтарынан мәдени сапарларға, ғылыми конгрестерден көшбасшылық бағдарламаларға дейін көптеген іс-шаралар жүзеге асырды. Қазақстанға қолдау көрсету мақсатында, қазақ және түрік жастарының бір-бірін жақын тануына үлес қоса отырып; екі ел арасындағы қарым-қатынаста және Қазақстанға болашақта қажет болатын білікті адами капиталға үлес қосу тұрғысынан ең маңызды жұмысымыз – толық ауқымы бойынша әлемде теңдесі жоқ «Түркия стипендиялары» бағдарламамыз болып табылады.

Әлемнің барлық елдерінен жастар Түркия университеттерінде грантқа оқу үшін Түркия стипендиясына өтініш береді. Түркия стипендиясы Қазақстан жастарының да сұранысына ие, бүгінге дейін 5000 қазақстандық студенті аталған грантпен білім алған. Осы тұрғыда, қазіргі таңда 600 қазақстандық студент Түркияда оқуын жалғастыруда. Біз үшін елімізде білім алған қазақстандық студенттердің әрқайсысы Қазақстанның болашаққа бағытталған нық қадамының үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл білімгерлердің Түркия мен Қазақстанның бауырластығын мүлде басқа деңгейге көтеретіндігіне сеніміміз мол. Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ширек ғасырдан астам уақыт бойы Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынастарына әкелген қарқыны Түркия стипендиясының арқасында одан да арта түседі деп үміттенеміз. Астанада түрік университеттерінде білім алған қазақ жастарының бастамасымен ашылған Түркия түлектері қауымдастығының байланыс арналарын орнату және қалыптасқан байланыстарды нығайту аясында маңызды рөл атқарады.

Халықаралық білім беру тәжірибесімен бөлісіп, бір-біріне бағыт-бағдар беріп отырған қазақ жастары да елдеріміздің әр саладағы қарым-қатынасының дамуына өз үлестерін қосуда. Түркия стипендиялары арқылы Қазақстаннан елімізге келетін білімді қазақ жастарының саны артқан сайын Түркия түлектері қауымдастығының рөлі бүкіл түркі әлеміне үлгі болады. Қазақстанға жасайтын жұмыс сапарымыз аясында, біз түлектерімізбен кездесуді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, біз дос әрі бауырлас шетелдігі қазақ қандастарының қауымдастықтарына жауапты «Отандастар» қорымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы түрік және қазақ диаспоралары арасындағы берік ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсеміз.

Қортындылай келе, қазақтардың Алтайдан Анадолыға көшуінің 70 жылдығына арналған бағдарламаны жақын арада Ыстанбұлда өткіземіз. Сол кезеңде Түркия қазақ қандастарын құшағына алды; Марқұм Аднан Мендерес 1950 жылдары Алтайдан Анадолыға қоныс аударған бауырларымыза жылы ықылас танытты.

Осы тұрғыда, мен қазақстандық жастарды Түркияда білім алуға және Түркия стипендиясына қатысуға шақырамын және барша қазақ халқына Түркияның ең ыстық сәлемі мен ізгі де сезімімізді білдіремін.»

 

Абдуллах Ерен

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы

TuraNews

Back to top button