БастыТуризмЭкономика

Қазақстан түркі мемлекеттері арасында туристік ынтымақтастықты нығайтуда

11-13 шілде аралығында Әзербайжанның Шахдаг туристік орталығында Түркі мемлекеттерінің тау курорттары одағының халықаралық саммиті өтті.

Өткен күзде Ыстамбұлда құрылған Түркі елдерінің тау шаңғысы курорттары одағының алғашқы отырысы 12 шілдеде Әзірбайжандағы «Шахдаг» курортында өтті. Оған түркі әлемінің жетекші тау шаңғы курорттары қатысты. Оның ішінде Шымбұлақ (Қазақстан), Шахдаг (Әзербайжан), Улудаг (Түркия) және Әмірсой (Өзбекстан) курортттары бар.

Негізгі мақсат – түркі елдеріндегі тау және қысқы туризмді дамыту, ортақ мәселелерді шешу, тәжірибе алмасу және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Кездесуде түркі елдеріндегі тау және қысқы туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ортақ мәселелерді шешу, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы туристік әлеуетті бірлесіп дамыту перспективалары қаралды. Қазақстан бұл бастамаға белсенді қолдау көрсетіп, түркітілдес мемлекеттер арасындағы жалпы туристік ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән берді.

«Шахдаг» курортының басқарма төрағасы Рустам Наджафов одақ мүшелері санының тез өсетініне үміт білдіріп, алдағы мақсаттарға жету үшін уақыт пен тығыз ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.

Қазақстанның одаққа қатысуы «Түркі әлемінің Көрінісі – 2040» және «2022–2026 жылдарға арналған түркі елдерін дамыту стратегиясы» сияқты негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

 

Source
kapital.kz

TuraNews

Back to top button