Басты

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркия Республикасында 7 адамды құтқарды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт учаскеде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 14  адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.

TuraNews

Back to top button