Экономика
Қазақстан Тәжікстанға теміржол жүк тасымалына жеңілдіктер ұсынады

Қазақстан темір жолы Тәжікстанның жүк тасымалдаушыларына 30%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынып, жүк көлемін ұлғайтуға жәрдемдеседі.
Бұл туралы Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уәлихан Тұраханов Тәжікстанның көлік министрі Азим Ибрахиммен кездесуде айтты.
– Қазіргі таңда екі ел арасында бес автомобиль бағыты бар, ал биыл 11 айда жолаушылар тасымалы 5259 адамды құрады. Кездесуде тараптар жол-көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын талқылап, көлік саласында кеңейтуге ниеттерін білдірді, – денілген хабарламада.