Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде бес мың тонна мазут берді
21 ақпанда Душанбеде, Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстанның 5 мың тонна мазутқа арналған ресми гуманитарлық көмек сертификатын Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзодаға тапсырды, Бұл туралы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Қазақстан Елшісі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес болу елінің маңызды энергетикалық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі мақсатында Тәжікстан Республикасына 860 млн. 805 мың теңге (шамамен около 1,8 млн.) сомасында гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Гуманитарлық жүк – бұл Қазақстан мен Тәжікстанның ғасырлар бойғы қарым-қатынастарына тән энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және бауырластық пен өзара көмек көрсетуге қосқан үлесі екенін атап өту қажет.
Қазақстан тарапы Тәжікстанға ақшалай баламада қойған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап 44 млн. АҚШ құрайды.