Спорт

Қазақстан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы алтынын алды

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты.

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанды. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады.

Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.

 

TuraNews

Back to top button