Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту аясында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Turanews.kz.
Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары бейнебайланыс арқылы келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, Сингапур делегациясын Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды.
Келіссөздер барысында қазақстандық тарап тікелей рейстерге қызығушылық білдіріп, Сингапурлық авиакомпанияларға Қазақстандағы «ашық аспан» режимін, оның ішінде ауа бостандығының «бесінші дәрежесі» құқығын пайдалана отырып, пайдалануды ұсынды. Сингапурлық тарап «ашық аспан» режимін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық авиакомпаниялармен пысықталатынын хабарлады.
Тараптар 2023 жылғы шілдеде сингапурлық авиакомпаниялар мен Сингапур-Чанги әуежайының қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті.
Сонымен қатар, Сингапур тарапы Сингапурдың азаматтық авиация академиясында оқудан өту мүмкіндігі туралы айтты.
Қазақстандық тарап «Эйр Астана» әуекомпаниясының елдер арасындағы ұшуларды орындауды бастау жоспарын атап өтті.