БастыЭкономика

Қазақстан Қырғызстаннан экспортталатын сүт өнімдерінің 80%-ын сатып алады

Қазақстан Қырғызстанда өндірілетін сүт өнімдерінің негізгі сатып алушысы болып шықты, деп жазады TuraNews.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібеков сүт өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

«Россельхознадзордың Қырғызстаннан сүт өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізуі бізге өте тиімді болды. Сондай-ақ, біз Қырғызстаннан Қазақстанға сүт өнімдерін экспорттау көлемін ұлғайттық», — деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

«Біз өзбек нарығын игердік. Қазірдің өзінде Өзбекстанға 2 мың тоннаға жуық сүт өнімдері экспортталды. Ал, 10-нан астам компания Өзбекстан тізіліміне сүт өнімдерін Қырғызстаннан экспорттау мақсатында енгізілген», — деді Асқарбек Жәнібеков.

Россельхознадзор мәліметтері бойынша, Қырғызстандағы сүт зауыттары құжатсыз сүтті қолданған. Сонымен қатар, өнімдерді таңбалаусыз сақтады.

Еске сала кетсек, 21 сәуір мен маусым аралығында Россельхознадзор Қырғызстаннан сүт өнімдерін әкелуге тыйым салды.

TuraNews

Back to top button