БастыСаясат

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Әзербайжан энергетика ведомстволары басшыларының кездесуінде су-энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Қырғызстанның Энергетика министрлігінің хабарлауынша, құжатқа Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің су-энергетика ведомстволары басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылған.

«Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық және стратегиялық бастамаларды жетілдіру арқылы Орталық Азия елдерінің энергетикалық тапшылығына қатысты мәселелерді бірлесіп шешу мәселелерін талқылады», — делінген ведомство хабарламасында.

Іс-шараға Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев, Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Әзербайжанның Энергетика министрінің орынбасары Самир Велиев, Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Хамраев Шавкат қатысты.

TuraNews

Back to top button