БастыСаясатЭкономика

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы туралы келісімге келеді

Қазақстан көршілесм елдермен бірлесіп Камбаратинск ГЭС-1 салады. Нысанның құрылысына кететін қаржы шамамен 4,5 миллиард долларды құрайды.

Тиісті келісімге Венадағы халықаралық энергетикалық форум аясында үш елдің энергетика министрліктерінің өкілдері қол қойды.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс жобасы болды. Осы жобаны жүзеге асыруға арналған арнайы сессия аясында Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қырғыз Республикасының энергетика министрі Талайбек Ибраев және Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс және пайдалану жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды.

Келісімде Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс және пайдалану жобасын жүзеге асырудың негізгі қағидалары бекітілген. Қол қойылған құжатта көрсетілген ережелер болашақта үкіметаралық келісімнің негізі болады.

Алдын ала ережелер арасында: Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құру: қырғыз жағы – 34%, қазақстан жағы – 33% және өзбек жағы – 33%; мемлекеттер тарапынан анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және т.б. бар.

Сонымен қатар, Халықаралық форумға қатысу аясында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда электр энергетикасы жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Австрия өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті, Siemens Austria компаниясының өкілдері, Gas Connect Austria және басқалармен кездесті.

Сондай-ақ, энергетика министрі Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен сұхбаттасты.

Әңгіме барысында министр Қазақстанның энергетика саласындағы жаңа стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға ашық және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

TuraNews

Back to top button