БастыСпорт

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында жолдастық матч өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды TuraNews.kz Prosports.kz сайтына сілтеме беріп.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев айтты:

– Біз қазір жоспарды ұсындық. Барлық клубтар ұлттық құрама үшін барын салады деп сенемін. Біз ақпан айында жолдастық ойын өткізіп, Түркияда ұлттық құраманы жинап, жігіттермен кем дегенде бір апта жұмыс жасағымыз келеді», — деді Әдиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурызда Афинада өтеді. Оның жеңімпазы Еуро-2024 жолдамасы үшін Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды.

 

TuraNews

Back to top button