
Қос құрама арасындағы алғашқы тайм тең дәрежеде өтіп, гол соғылмады. Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараман есепті ашып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. Алайда арада 20 минут өткенде Солтүстік Македония таразы басын теңестірді.
Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 7 ұпай бар. Келесі ойын 15 қараша күні Астанада өтеді. Қарсылас – Бельгия құрамасы.
Әлем чемпионаты-2026. Іріктеу кезеңі, J тобы
Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)
Голдар: Энис Барди 74 – Дінмұхамед Қараман 54