Қазақстан биыл қазан айында Ресей газын Өзбекстанға транзиттеуді жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Turanews.kz Германияның Intellinews басылымына сілтеме жасап.
«QazaqGaz» мемлекеттік компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов жуырда Атырау облысындағы нысандарды аралап, «Орталық Азия-Орталық» газ құбыры жүйесінің қазақстандық учаскесінің дайындық жұмыстарының барысымен танысты», — деп хабарлайды басылым.
Газ құбыры жүйесі ресейлік газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдауға арналған. Мамыр айында QazaqGaz мен ресейлік Газпром Қазақстан арқылы Өзбекстандағы тұтынушыларға табиғи газды тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Келісім бойынша газ жеткізудің жылдық көлемі шамамен 2,8 млрд текше метрді құрайды деп болжанып отыр.