БастыСаясат

Қазақстан Президенті Қытай Төрағасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бүгін түнде Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу және Цинхай провинцияларында қуатты жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 100 адамнан асты.

 

TuraNews

Back to top button