БастыСпорт

Қазақстан – Португалия: футзалдан ұлттық құрама әлем чемпиондарына қарсы ойнайды

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқанда әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Португалияға қарсы ойнайды

26 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан Португалия құрамасына қарсы маңызды кездесу өткізеді. Бұл матч Футзал бойынша Әлем чемпионатының аясында өтпек және екі құрама да турнирдегі негізгі фавориттердің бірі.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Аталмыш турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.

Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді.

TuraNews

Back to top button