ӘлемҚоғамСаясатТуризмЭкономика

Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің үш тау шаңғысы курорттары одаққа бірікті

«Шымбұлақ» (Қазақстан), «Амирсай» (Өзбекстан), және «Роза Хутор» (РФ) тау курорттары одаққа бірікті, деп Өзбекстанның Газета.uz сайтына сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

Сайттың мәліметінше, Еуразиялық Тау Курорттары Альянсының (ЕТКА) тұсаукесері 16 қарашада Ташкенттегі TITF2023 «Жібек жолындағы Туризм» көрмесі аясында өтті.

Аталмыш одақ маусым айында құрылды. Оған Өзбекстандағы «Амирсай», Қазақстандағы «Шымбұлақ» және Ресейдегі «Роза Хутор» курорттары кірді.

Тұсаукесерде курорттардың өкілдері жаңа одақтың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, осы қысқы маусымға жоспарланған бірлескен іс-шаралары туралы айтып берді.

«Одақ алдағы жылға арналған үш курортта спорттық, мәдени және ойын-сауық іс-шараларының жалпы күнтізбесін ұсынды. Оған туристер ат салысқаны үшін белгілі бір бонустар ала алады. Әрі қарай, бұл бонустар альянстың үш курортының кез келгенінде қызметтерді төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін», деп хабарлады оның өкілдері.

Айта кетейік, мұндай курорттарға бару арқылы туристер бонустар алып, оларды альянстың басқа курорттарына жұмсай алады.

Via
Inbusiness.kz

TuraNews

Back to top button