Қоғам

Қазақстан оқушылары Әзербайжанда өткен STEAM фестивалінде жоғары нәтижелер көрсетті

Бакуда өңірдегі ең ірі білім беру шараларының бірі – Халықаралық STEAM Azerbaijan (SAF 2025) фестивалі өтті. Іс-шараға 22 елден 1400-ден астам оқушы қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның жетекші оқу мекемелерінен 10 команда болды.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел іс-шараға қатысып, қазақстандық командалармен кездесті. Дипломат оқушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, оларға жарыстарда табыс тіледі.

Қазақ командалары еліміздің абыройын лайықты түрде қорғап, түрлі категорияларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, қазақ оқушылары «Robot Competition» сайысында 1-ші және 2-ші орындарды, «Robot Competition Kids» сайысында 1-ші және 3-ші орындарды, сондай-ақ «Flytech» және «Boat Racing» жарыстарында 3-ші орынды иеленді.

STEAM моделі білім берудің бес негізгі бағытын біріктіреді: Science, Technology, Engineering, Art, Math. «STEAM Azerbaijan» фестивалі қатарынан бесінші жыл өтуде. Аталған халықаралық жарыс шеңберінде оқушыларымыз елімізді үнемі абыроймен танытып келеді.

 

TuraNews

Back to top button