
Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады.
Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайына шолу жасап, болашақтағы екіжақты ірі жобаларға инвестиция салу туралы ниеттес екенін білдірді.
Сондай-ақ энергетика, көлік, логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және медицина сияқты перспективті салалардағы ынтымақтастық бойынша жұмысты тереңдетуге келісті.
Дипломаттар түркі интеграциялық ұйымдары, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қолға алды.
2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын келісіп, Астана мен Анкара арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.
Бұдан бөлек, Ә.Бақаев Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмазбен кездесу өткізді. Дипломаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты пікірлерімен бөлісіп, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.