
5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі хабарлайды.
Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Turkish Airlines түрік әуекомпаниясының еншілес кәсіпорны AnadoluJet орындайды. Алғашқы рейсте 140 жолаушы біздің елге ұшып келді, 157 жолаушы Түркия астанасына ұшып барды.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.