Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Turanews.kz.
Аталған келесімге 2022 жылғы 10 мамырда қол қойылған
«Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжаттың ережелеріне сәйкес екі елдің кеден органдары алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ ақпарат алмасудың Техникалық шарттарын әзірлейді және пилот жобаны іске асыруға кіріседі. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайды», — деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның сөзінше, келісім мемлекеттер арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған.