БастыСаясат

Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Тәжік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды.

Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

 

TuraNews

Back to top button