БастыСаясат

Қазақстан мен Тәжікстанның СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

29 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен сапарлар кестесі бойынша, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

 

TuraNews

Back to top button