
25 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу тәжік «Ориёнбонк» ААҚ басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесу өткізді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Сұхбат барысында Министр Қазақстанның Тәжікстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Тараптар қаржы институттарының өзара сауданы ұлғайту, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөліне назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы екі ел астаналары арасында тікелей әуе қатынасының басталуы іскерлік байланыстардың кеңеюіне оң ықпал еткені айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша мүдделі салаларда өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
