
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ү.ж. тамызда Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша аса жоғары деңгейде қол жеткізілген Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.