Саясат
Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда
3 тамыз күні әзербайжандық AZERNEWS ақпарат агенттігі ҚР Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездескенін хабарлады.
Кездесу барысында олар екіжақты қатынастардың мәселелерін талқылап, жоғары деңгейдегі сапарлар кестесін сөз етті.
«Сонымен бірге қос тарап мәдени-гуманитарлық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастықты, су ресурстарын, шекараларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселесін де талқыға салды», — деп жазады басылым.