Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі үш сыртқы сауда серіктесінің қатарына кірді, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап
Өзбекстан Республикасы статистика агенттігінің ақпараты бойынша, 2023 жылдың қаңтар-маусымында елдегі сыртқы сауда айналымы 29,2 млрд долларға жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,7 млрд долларға немесе 19,4 %-ке артқан.
Қазіргі уақытта Өзбекстан әлемнің 183 елімен сауда-саттық орнатқан. Елдің негізгі сауда серіктесі – Қытай.
Екі ел арасындағы айналым $5,2 млрд (жалпы көлемнің 18,1%-і) болды.
Екінші орында 4,4 млрд доллармен (15,1%) Ресей орналасқан. Үздік үштікті 2,19 млрд доллармен (7,5%) Қазақстан түйіндеді.
Жалпы тауар айналымы бойынша Өзбекстан Қазақстанға 699,3 млн долларлық тауар экспорттаған, ал импорт 1496,2 млн доллар болды.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты тауар айналымы 5 млрд долларға жеткені хабарланған.