Бұл көрсеткіш екі бауырлас ел арасындағы экономикалық байланыстың айтарлықтай нығайып, өзара сауда айналымының тұрақты өсіп жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.
Өзбекстандық ӨР Статистика агенттігі ұсынған мәліметке сай, 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елдің жалпы сыртқы сауда айналымы 59,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғары. Осылайша, Өзбекстанның сыртқы экономикалық байланыстарының тұрақтылығы мен тиімділігі байқалып отыр.
«ӨзА» ақпарат агенттігінің дерегінше, Өзбекстан бүгінде әлемнің 195 мемлекетімен экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Сауда айналымының негізгі үлесі Қытай (19 пайыз), Ресей (18 пайыз), Қазақстан (6,5 пайыз), Түркия (4,4 пайыз) және Оңтүстік Корея (3 пайыз) елдеріне тиесілі. Бұл елдермен серіктестік қарқынды дамып, сыртқы сауда айналымының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.