Басты

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша 4 сауда дәлізі ашылуы мүмкін

Өзбекстан тарапы Қазақстанмен арадағы тауар айналымын арттыру мақсатында қосымша 4 сауда дәлізін ашуды жоспарлап отыр.

Аталған бастаманы іске асыру туралы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездескен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимов айтты.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссия басшысы Өзбекстанның экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған шараларын баяндады. Атап айтқанда, Б.Ибрагимов ресми Ташкент мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерін жөндеуден өткізіп жатыр. Оның айтуынша, бұл тауар айналымын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Еске салайық, Ташкентте Қазақстанның, Астанада Өзбекстанның сауда орталығы салуы мүмкін.

Тоқтала кетейік, бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталмен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте екі ел арасындағы өңіраралық байланыс нығайып келеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button