БастыТуризм

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе бағыты ашылды

30-дан астам әуе компаниясы қысқартылған бағыт бойынша күнделікті рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Әуе қатынасын оңтайландыру мақсатында 11 шілдеден бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасында рейс орындайтын ұшақтар үшін «Т-916» деп аталатын жаңа навигациялық бағыт ашылды, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзаэронавигация» орталығының мәліметіне сай, жаңа маршрут ашылған күні ол арқылы алғаш болып немістің «Lufthansa» әуекомпаниясының ұшағы рейс орындады.

«Бұл маршрутты қолдану есебінен қашықтық 40 шақырымға қысқарады және жылына 30-50 тонна авиаотын үнемдеуге болады. Бұл ретте, оттегінің шығыны 50-70 тоннаға кемиді, ал атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылардың көлемі жылына 220-250 тоннаға азаяды», — делінген «Өзаэронавигация» орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, аталған навигациялық бағытты ашу туралы келісім «Өзаэронавигация» және «Қазаэронавигация» кәсіпорындары арасында жасалған.

TuraNews

Back to top button