БастыЭкономика

Қазақстан мен Өзбекстан Ақтау теңіз портында бірлескен жобаларды іске асырмақ

Биыл Ақтау теңіз порты транзит көлемін 5 млн тоннадан асыруды жоспарлап отыр.

Өзбекстандық дипломаттар Қазақстанда Ақтау теңіз портының басшылығымен кездесіп, жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін талқылады, деп жазады Kazinform агенттігі.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Dunyo» агенттігінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Ақтау теңіз портының жай-күйін, өзбек кәсіпкерлерінің өнімін аталған порт арқылы өзге нарыққа шығару перспективасын сөз етті.

«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев атап өткендей, бүгінде бұл порт Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Биыл Ақтау теңіз порты транзит көлемін 5 млн тоннадан асыруды жоспарлап отыр. Кейін порттың акваториясын кеңейту бойынша жұмыстар қолға алынады, — делінген «Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған келісімдерге қол қойды.

TuraNews

Back to top button