
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Бундестаг депутаты Робин Вагенермен (Одақ 90/Жасылдар партиясы), Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиямен қоғамдық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Бундестаг делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы жетекшісі және Бундестаг депутаты Нилс Шмидпен, Германия Социал-демократиялық партиясы фракциясының сыртқы саясат жөніндегі өкілімен кездесулері өтті.
Келіссөздер барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ 2024 жылғы қыркүйекте Астанада өткен «Орталық Азия + Германия» екінші саммитінің қорытындыларын талқылады.
Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларацияның қабылдануының маңыздылығы жоғары бағаланды. Аталған құжат елдеріміз арасындағы кең ауқымды серіктестіктің алдағы қадамдарын айқындады. Сонымен қатар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі алаңдарының – Үкіметаралық жұмыс тобының, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің және Берлин Еуразиялық клубы қызметінің нәтижелері қарастырылды.
Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту бойынша келесі қадамдарды, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.