БастыЭкономика

Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 34,8 пайызға өсті

Биыл екі айда Қазақстан мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы арасындағы тауар айналым 8,5 млрд АҚШ долларына жетті.

2022 жылдың 11 айында Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер арасындағы өзара сауда 34,8%-ға өсіп, 8,5 млрд долларды құрады.

Бұл туралы Ташкентте өтіп жатқан ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Министр Ұйымға кірген сәттен бастап ЭЫҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болғанын атап өтті. ЭҰЫ және оның бастамалары 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы ЭЫҰ-ның барлық дерлік елдері – Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркияға мемлекеттік және ресми сапарлармен барып,онда нақты келісімдерге қол жеткізілді. Бүгін біз 2021 жылы Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 37,1%-ға (2020 жылы – 5,6 млрд доллар, 2021 жылы – 7,6 млрд доллар) өскенін қуана хабарлаймыз. 2022 жылдың 11 айында өзара сауда көрсеткіштері де 34,8%-ға өсіп, 8,5 млрд долларды құрады», — деді М.Тілеуберді.

Осы тұрғыда СІМ басшысы Қазақстан ЭЫҰ-ның көлік-логистикалық құрамдас бөлігінің маңыздылығын үнемі атап өткенін еске салды. Оның айтуынша, жүктерді тасымалдауға да, шығыстан батысқа жолаушыларды тасымалдауға да қолайлы ЭЫҰ-ның бірегей географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану ЭҰЫ елдері экономикасының дамуына айтарлықтай серпін бере алады.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button