БастыСаясат

Қазақстан мен Әзербайжан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесті

26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ақтау қаласының маңында Әзербайжан «AZAL» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларына және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ өңірлік форматтар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға өзара дайындық расталды.

2025 жылғы алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.

TuraNews

Back to top button