Басты

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ақша аударымдарының көлемі белгілі болды

2024 жылдың сәуір айында Қазақстаннан Әзербайжанға Халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы 1570-тен астам транзакция жасалған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің есебінде айтылған, деп жазады Trend.

Аталған транзакциялардың жалпы көлемі 994,9 млн теңгені (шамамен 2,23 млн АҚШ долларын) құрады. Сәуірде Қазақстаннан аударылған ақша аударымдарының саны мен көлемінде Әзербайжанның үлесі сәйкесінше 0,8 және 1,5 пайызды құрады.

Бұл ретте, сәуір айында Әзербайжаннан Қазақстанға жалпы сомасы 390,8 млн теңгені (шамамен 878 мың доллар) құрайтын 550-ге жуық транзакция жасалды. Мәмілелердің саны мен көлеміндегі Әзербайжанның үлесі сәйкесінше 0,7 және 1,9 пайызды құрады.

Айта кетейік, 2023 жылғы сәуірде Қазақстанға/Қазақстаннан ААЖ арқылы жүзеге асырылған ақша аударымдарының көлемі 67,8 млрд теңгеге (шамамен $152,1 млн) 209,4 мың транзакцияны құрады.

2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда ақша аударымдарының саны 6,7 пайызға, транзакциялар көлемі 12,2 пайызға өсті.

TuraNews

Back to top button