Қоғам

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы Астанада басталды

2023 жылғы 11-12 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Машина жасаушыларының одағы (https://smkz.kz/kk/) Қазақстан машина жасаушыларының XI форумын өткізуде, деп хабарлайды Turanews.kz.

Бұл форум мемлекет пен бизнестің пікірталас алаңы болып табылады, онда әртараптандыру, импортты алмастыру, инвестициялар тарту және құзыреттерді арттыру тетіктері, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

10-12 мамыр аралығында форумның шеңберінде «Kazakhstan Machinery Fair 2023» атты көрме өтеді — Қазақстандағы жетекші салалық көрме және машина жасау, металл өңдеу өнеркәсібі саласындағы мамандар, мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері үшін басты кездесу орны.

Көрме «Kazakhstan Industry Week» өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі шеңберінде өтеді. Көрменің ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Машина жасаушыларының одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Толық ақпарат төмендегі сілтеме бойынша:

https://www.kmfexpo.kz/kz

TuraNews

Back to top button