БастыСпорт

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында «алтын» иеленді

Қазақстандық жеңіл атлетші Алина Чистякова, Кувейтте аяқталған Азия біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына алтын медаль салды,

Алина жетісайыста 4737 нәтиже көрсетті. Бұл оның жаңа маусымдық көрсеткіші.

Сондай-ақ, Қазақстандық Ринат Кулыгин кедергілермен 2000 метрге жүгіруде 6:04.63 нәтижесімен U18 Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл – Кувейттегі Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін ұлттық құраманың бірінші «алтынын» Сабрина Арзиева әкелген болатын. Ол 5000 метрге жүгіруден үздік атанды.

 

TuraNews

Back to top button