Спорт

Қазақстан және Финляндия кездесуіне төрешілер белгіленді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан және Финляндия кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан және Финляндия кездесуі 7 қыркүйекте елорда уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші — румыниялық Раду Петреску. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де румыниялық Марцел Бирсан.

Айта кетсек, Раду Петреску бір жыл бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Беларуське (2:1) кездесуінде қосалқы төреші қызметін атқарды. Қазақстан мен Финляндия қазірге дейін бес мәрте кездесіп үлгерді. Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, төртеуінде финляндиялық футболшылар жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы төрт кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

TuraNews

Back to top button