Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әскери қақтығыс жалғасып жатқан Газа секторынан ел азаматтарын эвакуациялау басталғаны туралы хабарлады, деп жазады TuraNews.kz.
«Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі Елшіліктерінің үйлесімді және нақты іс-қимылының арқасында бүгін отандастарымызды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топтың эвакуациясы жоспарланған. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшелері кіреді», — деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстаннан бөлек Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланд, Ұлыбритания және АҚШ өз азаматтарын эвакуациялайды.