Спорт

Қазақстан ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz сайты.

Команданың жаңа капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. Ол бұл қызметте Юрий Щукинді алмастырды. Диас Досқараев Қазақстан құрамасын 7 жыл бойы, 2012-2019 жылдар аралығында басқарған. Ол құраманы 2013, 2014 және 2015 жылы жаңа форматтағы Дэвис Кубогында финалдық кезеңге дейін жеткізді.

TuraNews

Back to top button