Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы (TİKA) Абдулла Еренмен кездесті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, өзара
іс-қимылды ілгерілету бойынша нақты қадамдар белгіленді.
А. Ерен «TIKA»-ның атқарып жатқан қызметтері, оның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, агенттіктің «KazAid» халықаралық даму агенттігімен ортақ жобалар жүзеге асыруға ниетін білдірді.
Өз кезегінде, Е. Сәпиев «TIKA»-ның еліміздегі белсенді қызметін атап өтіп, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия үшінші елдерде бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.
Тараптар талқыланған бағыттар бойынша ортақтасқан жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға уағдаласты.



