ӘлемСпорт

Қазақстан дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

Қазақстан шахматтан әлемдік додада үздік үштіктен көрінді. Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік олимпиадада қазақстандық құрама Болгария командасымен жолықты. Нәтижесінде жерлестеріміз арасынан Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал, Бибісара Асаубаева және Ксения Балабаева кездесулерін тең нәтижемен аяқтады. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жолы 1.3 есебімен Сербия шахматшыларынан ұтылды. Қыздар құрамасының келесі қарсыласы алаң иелері, яғни Үндістан командасы. Бұл матч шешуші мәнге ие дейді федерация өкілдері. Әнуар Исмағамбетов, Қазақстанның шахмат федерациясының атқарушы директоры: – Бүгін бізде Қазақстан уақытымен 15.30-да партия басталады. Ол шамамен 20.30 — 21.00-де аяқталады. Ертең ойындар 10.30-да басталып, түстен кейін аяқталады. Сол кезде барлығы белгілі болады. Ұйымдастырушылар ақтық қорытындыны жариялайды. Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы жылына 2 рет өтеді. Биыл оған әлемнің 190 елі қатысып жатыр.

Source
Qazaq TV

TuraNews

Back to top button