Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрамына қос мемлекеттің өкілдері кіретін Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді.
Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары елімізге «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде мәміле жасаған болатын.
«Халықаралық ынтымақтастық – біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды, көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда Қырғызстанның су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінен бастап Шу және Талас өзендері арқылы су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.