Басты
«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде: Барлық мүдделі тараптардың күші біріктіріледі
Елімізде алғаш рет Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы бойынша ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде.

Бұл бастама еліміздегі балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Аталған бағдарлама мемлекеттік органдардың, ата-аналардың, педагогтардың, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Қазіргі таңда қолданыстағы шаралардың тиімділігі жан-жақты талданып, оларды жетілдіруді қажет ететін тұстары анықталуда.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы әрбір баланың құқықтары мен дамуын тұрақты қорғаудың негізі болады деп күтілуде. Ол балалардың қауіпсіз, салауатты және бақытты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қамтиды.