Экономика
Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай жөнелтеді
Қазақстан 2023 жылдан бастап «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай жөнелтеді.
Қазір тараптар арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңі жүріп жатыр. Қазақстан қара алтын тасымалдауды 1 қаңтардан бастап жүзеге асыратын компанияны таңдайды. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының баспасөз мәслихатында хабарланды.
Жоспарға сәйкес, бастапқыда 1,5 млн тонна қара алтын Түркия, Грузия және Әзербайжан арқылы жөнелтіледі. Ал кейін оның ауқымын 6,5млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұған Қазақстан ғана емес Әзербайжан тарапы да мүдделі дейді ұлттық компания өкілдері.