Басты
Қазақстан аумағында 3,4 балдық жер сілкінісі болды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 15 қыркүйек күні Алматы уақытымен 10:16-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 145 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 7.2. Магнитудасы MPV — 3,4. Бағыты 43.24° с.е. 78.69° ш.б. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы дерек жоқ.