ӘлемБасты

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті. Республика ислам еліне БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы аясында қолдау жасап келеді. Мұндай жүк тиелген көліктер бұдан бұрын да жіберілген. Бірақ бұл жолғысы ең ауқымды. Жалпы жиынтығы 9 вагон азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жөнелтілді. Айта кетейік, Ауғанстанда таяуда болған жер сілкінісі мен су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Апат кезінде 2 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген тұрғын баспанасыз қалды. Көбі медициналық көмекке мұқтаж.

Рамиз Алакбаров, UNAMA басшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары:

– Ауғанстанда 20 миллион халық ішер ас таппай қиналып жүр. 6 миллионы тіпті аштықтың алдында тұр десек болады. Кейінгі кезде ірі табиғи апаттар болып, жағдай ушығып кетті. Осындай қиын-қыстау кезеңде ауған халқы Қазақстанның қолдауын ешқашан ұмытпайды.

Source
Qazaq TV

TuraNews

Back to top button